Abstract:
МақаладаКеңесОдағы ыдырағаннан кейінҚазақстанда пайда болған
Екінші дүниежүзілік (Ұлы Отан соғысы) соғысы батырларына ескерткіш орнату
құбылысының тарихы мен тәжірибесі қарастырылады. Ескерткіштер әртүрлі акторлық тенденцияларын зерттеудің эпистемологиялық көзі ретінде талданады.
Бұл XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі болған зерттеу дискурстарының дәлелі. Мақалада Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының ескерткіштері феноменологиялық және экзистенциалды тәсілдерді қолдану
арқылы, батырлықтың мәні мен оның ұлтымызға тән феномен тұрғысында талданады. Осыған орай, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, Ә. Молдағұлова, М. Мәметова
т.б. батыр тұлғалармен байланысты кейстерді талдау мақаланың негізгі мақсаты
болып табылады. Талдаудың нысаны ретінде ескерткіштердің орналасқан жері,
оларды визуалды талдау, БАҚ материалдарымен бірлесе жұмыс жасау, арнайы
әдебиеттерге контент-талдау (мүмкін шежіре), акторлармен және сарапшылармен сұхбат жүргізу және нарративті тәсілдер қолданылды.
Мақалада қолданылған суреттер мен оған қатысты ақпараттар Астана қаласы
мен Батыс Қазақстан өңіріндегі далалық зерттеулердің нәтижесінде алынды.