Abstract:
Көрсетіліп отырған жұмыста робастылық орнықтылықтың потенциалының
жоғарылауына мүмкіндік беретін үшпараметрлі құрылымды-орнықтылық кескін класында
робасты орнықты бейсызықты басқару жүйесін құру зерттелінген. Жүйенің робастылық
орнықтылығын зерттеуасимптотикалық орнықтылық жайындағы Ляпунов теоремасына
негізделген. Және де апаттар теориясының эллиптикалық омбиликасы қолданылған мысал
келтірілген.