Аннотации:
Бұл жұмыстың негізгі міндеті ретінде бюджетті тиімді етіп құру кезіндегі мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық жағдайының стратегиялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында
бюджетті дұрыс және перспективті түрде жіктеу болып табылады. Осыған байланысты
бюджетті жоспарлау мен орындау процесінде қаржылық ағындары басқаратын жаңа
математикалық модельді жасау қажеттігі туындады. Жұмыстың идеясы бюджетті
құрастырудың заңдылығы, бӛлшектеу және дамыту кӛрсеткіштері критерийлері бойынша
бюджеттік қаржы ағымдарын болжау мен басқару моделінің комплексін құрастырып
жасауды қамтиды. Жұмыста экономикалық жүйелердің ақпараттық жүйелер мен
математикалық моделдерін жасау теориясының әдістері негізінде жаңа ғылыми нәтижелер
алынған.