Abstract:
Білім алушылардың өзіне-өзі білім беру қызметінің тәжірибесін қалыптастырудың
негізгі бағыттары, яғни қоғамдық-саяси дамуының кезеңі үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу
және өзінің жеке мүдделерін қанағаттандыру құралы ретінде өз бетінше білім алу қажеттілігін қалыптастыру,
қажетті жалпыланған білім мен іскерлікті меңгеру, ақпаратты пайдаланудың қазіргі заманғы әдістері мен
құралдарын меңгеру, ашық және қашықтықтан білім алуда өзінің танымдық іс-әрекетінің траекториясын
ұтымды ұйымдастыру сияқты дағдыларын меңгеру болып табылады. Аталған мәселе студенттердің ғылымишығармашылықтары мен жалпы танымдық қабілеттерін дамытуда үлкен рөл атқарады.
Студенттердің болашақта өз ісінің маманы ретінде қалыптасуы үшін өзіндік жұмыстар арқылы оларды дерберстікке, креативті ойлауға баулу керек. Сондықтан, жоғары оқу орнының студенттері үшін қолданылатын өзіндік жұмыстардың түрлері және әдіс-тәсілдерін қарастырып, талдау арқылы тиімді формаларын оқыту үдерісінде қолдануға болады.