Рефлексия болашақ педагог-психологтардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуының негізгі компоненті ретінде
Аннотации
Рефлексия феномені жөніндегі қазіргі заманғы ғылыми түсініктерде оған
көптеген сипаттама беріледі. Рефлексия (ағыл. reflection) – өзін, өзінің әрекетін, тәртібін, сөзін,
тәжірибесін, сезімін, күйін, ерекшеліктерін, мінез-құлқын, өзіне және басқаға қатынасын және т.б.
талдауға, түсінуге, сезінуге бағытталған ойлау үрдісі. Зерттеушілердің пікірінше, болашақ педагогпсихологтардың педагогикалық кәсіпте тиімді қалыптасуы үшін кәсіби рефлексиясын дамытудың
маңызы ерекше атап көрсетіледі. Сонымен бірге адамның өзінің іс-әрекетіне, өзіне саналы
қатынасы рефлексия арқылы қалыптасады, өйткені, рефлексия ақиқаттың мәнін түсінуге өзінің
қатынасын сәйкестендіруге мүмкіндік туғызады. Бұдан рефлексия адамның өзімен және қоршаған
әлеммен өзара әрекеттесу үрдісі және нәтижесі ретінде анықталады деп тұжырымдауға болады.
Кәсіби рефлексияға интерактивтілік тән, себебі ол өзінің табиғаты жағынан диалогты және кері
байланысқа бағдарланған. Біріншіден, болашақ педагог-психолог қарым-қатынас бойынша басқа
субъектілермен коммуникация үрдісінде өзара әрекеттеседі және кәсіби рефлексияның кооперативті
жәене коммуникативті аспектілерін көрсетеді. Екіншіден, ішкі дилог үрдісінде субъектінің өзінің
кері байланыста болады, онда кәсіби рефлексия интеллектуалдық аспектіні сипаттайды. Кәсіби
рефлексия болашақ педагог-психологтарда мамандық, іс-әрекет мазмұны мен құрылымы туралы
талқыланып қорытындыланған түсініктерді қалыптастыруға септігін тигізеді. Біздің зерттеу
контекстімізде кәсіби іс-әрекеттің рефлексиямен өзара байланысы мәселесі теориялық мәнде
маңызды, ол интеллектуалдық рефлексияны (субъектінің өзіндік санасы, түсінуі және әрекетке
бағдары), өзін-өзі тануы және өзіндік талдау арқылы өзін-өзі ұйымдастыруға бағытталған тұлғалық
рефлексияны (өзінің ішкі психикалық актілерінің күйін, өзінің ойлау әрекетін түсінуі), серіктестің
бірлескен әрекеті бойынша әрекет арқылы тұлғааралық рефлексияны (рефлексиялық ұстаныммен
субъектінің бірін-бірі өзара бейнелеуі) дамытуға бағдарланған.
Collections
CORE Recommender
Связанные элементы
Просмотр элементов, связанных по названию, автору, создателю или теме.
-
Диагностика развития рефлексии будущих педагогов-психологов
Казиев, К.О.; Волынкин, В.И.; Турегалиева, В.С.; Бисенова, Ш.Н. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2020)Современные инновационные технологии обучения ориентируются на рефлексивные процессы субъекта. В процессе профессиональной подготовки личность формируется как профессионал, что становится возможным только с учетом личностных факторов, впоследствии определяющих развитие профессиональной рефлексии. Рефлексия определяется как необходимая составная часть познавательной процедуры ...2023-06-27 -
СТРУКТУРА И МЕХАНИЗМЫ СОЦИАЛЬНОЙ ПЕРЦЕПЦИИ
Сулейменова, Галия Мейрамбековна (Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, 2022-04-12)2023-09-06 -
МЕГАТРЕНДЫ ОБРАЗОВАНИЯ И ИХ ВЛИЯНИЕ НА РАЗВИТИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ КОМПЕТЕНЦИЙ ПЕДАГОГА
Шайханова, А.Е. (Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, 2022-04-22)Целью данной статьи является обсуждение основных трендов, которые происходят в данное время в сфере образования и их влияние на процесс обучения. В статье рассматриваются функции личностно-ориентированного подхода в обучении, внедрение инновационных технологий и социальных сетей в процессе коммуникации с обучающимися. Показано, что изменения в системе образования предопределяют ...2023-06-21

