Ересектердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастырудың андрагогикалық негіздері

Дата
2019Редактор
ISSN
2616-6895Аннотации
Ересек адамдардың жас мөлшері мен тұрғылықты аймағына қарамастан
ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін олардың компьютерлік
сауаттылығын қалыптастыру «электрондық үкіметтің» енгізілуі және интернет арқылы мемлекеттік
қызметтерді көрсетуге байланысты маңызға ие болды. Ересек адамдардың білім беру үдерісіне
белсене қатысуы оларды компьютерлік сауаттылыққа оқытуға, өзін-өзі дамытуды жүзеге асыруға,
қазіргі заманғы өмір жағдайларына бейімделуге және ақпараттық қоғамға қосылуға көмектеседі.
Сондай-ақ, олардың ой-өрісін, қарым-қатынас аумағын кеңейтуге, еңбекке және белсенді өмір
сүру сапасын арттыруға оң әсер етеді. Биліктің, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың, ерікті жастар
қозғалысының және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара жүйелі бірлесе отырып, ересектердің
компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру үшін жаппай тегін оқыту жүйесін құру керек.
