Abstract:
Дәстүрлі отбасындағы әйелдің рөлі, үшжақты жүктемелі еңбегі гендерлік
қарым-қатынастың көрінісін береді. Әйел адам қашанда тәрбие, репродуктивтілік және
еңбекті қатар алып жүрген. Жұмыс кезінде дискриминацияларға, нақты айтқанда жыныс
ерекшеліктеріне байланысты мансап баспалдағында өспеуі, еңбекақының төмендігі тағы
басқа. Бүгінгі күнде рольдік репертуарды кеңейтуге, яғни бизнес пен менеджментті дамытуға бірқатар қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әйелдің басқару үлгісі менеджментте сапалы өзгерістерге әкеледі. Гендерлік ағартушылық білімі, сонымен қатар іскерлікті ілгерілету қоғам үшін қажет, оны мектеп табалдырығынан оқытқан жөн. Қазақстан әйелдерінің
бейнесі тарихи тұлға, әдеби кескін, батыр әйел, батыр ана образында қалып отыр. Қазіргі
қоғамдағы, оның ішінде басқару бағытындағы әйелдің әлеуметтік келбеті сомдалмаған,
беймәлім деуге болады, не болмаса БАҚ мен саясат тиімділігінің еншісінде.