ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Дата
2025-05-28ISBN
978-601-08-5194-8Аннотации
Бұл ғылыми жұмыста отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болған
әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған халықаралық тәжірибелер
қарастырылады. Зерттеу барысында БҰҰ, Туркия, Греция, Польша және басқа да
мемлекеттердің құқықтық тетіктері мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларына шолу
жасалды. Отбасылық зорлық-зомбылықпен күресудегі негізгі құралдар ретінде
құқықтық реформалар, қауіпсіз баспаналар, психологиялық және әлеуметтік қолдау,
сондай-ақ қорғау ордерлерінің тиімділігі талданды. Сонымен қатар, гендерлік
теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтарын ілгерілету мақсатында жүзеге
асырылып жатқан халықаралық келісімдер мен конвенциялардың рөлі айқындалды.
