Abstract:
Жасанды интеллект студенттің қабілетіне қарай бағдарламаны бейімдеуге,
әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыруға, бағалауды жақсартуға және академиялық
өнімділікті болжауға көмектеседі. Ең бірінші артықшылығы, бұл – оқытушылардың уақытын
үнемдеуі. ЖИ (AI) автоматты жүйенің оқытушыларға сабақ жоспарын құруға, жобаларды
табуға және басқа да көптеген тапсырманы санаулы секундтарда орындауға мүмкіндік беру арқылы оқу тапсырмаларын айтарлықтай жеңілдетеді. Екіншісі – ЖИ (AI) автоматты
жүйенің студенттермен кері байланыс беру процесін жеңілдетеді, студенттердің мотивациясы
мен жетістігін ынталандыру әдістерін ұсынады. Сонымен қатар студенттер бірден сабақ
жоспарларын, мақалаларды, ақпараттық бюллетеньдерді және олардың жеке қажеттіліктеріне
сәйкес келетін басқа оқу мазмұнын жасай алады.