Аннотации:
Бұл зерттеу қазақстандық көлік компанияларының логистика саласындағы
шетелдік тәжірибеге бейімделу процесін терең талдау болып табылады. Жаһандық
экономиканың қарқынды дамуын және нарықтық талаптардың өзгеруін ескере отырып,
зерттеудің негізгі мақсаты қазақстандық компаниялардың әлемдік жетекші логистикалық
компаниялар пайдаланатын инновациялар мен озық тәжірибелерге қалай бейімделетінін
анықтау болып табылады.
Талдау әдістеріне әдебиеттерді шолу, өндіріс процестері мен жеткізу тізбегін басқару
стратегиялары туралы деректерді жинау және талдау кіреді. Зерттеу сонымен қатар
бейімделудің табысты кейстерін бағалайды, шетелдік тәжірибені енгізу кезінде қазақстандық
компаниялардың алдында тұрған негізгі кедергілер мен сын-тегеуріндерді бөліп көрсетеді
және осы процесті жақсарту үшін практикалық ұсынымдар ұсынады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы үшін де, логистика және
басқару саласындағы академиялық зерттеу үшін де пайдалы болуы мүмкін.