Аннотации:
Бұл мақалада фразеологизмдерді зерттеу арқылы мәдениет пен тіл арасындағы өзара
байланыс талданады. Осы екі компоненттердің байланысын назарға ала отыра, лигнвомәдениеттану тілде
айқын көрініс алатын пән ретінде қарастырылып, оның ұлттық мәдениетті түсінудегі рөліне ерекше көңіл
аударылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді зерттеу фразеологизмдердің
ұлттық мәдени ерекшеліктерін көрсететін айна ретінде қызмет атқаратындығы негізделеді.