Abstract:
Мақалада жеке тұлғаның эмоционалды-шығармашылық әрекетке бағыттылығын сипаттайтын базалық мәдениеттің бөлігі болып табылатын студенттердің эмоционалдық-еріктік мәдениетін қалыптастырудың психологиялық алғышарттары мәселесі қарастырылған. Қазіргі білім кеңістігінде бұл мәселенің өзектілігіне баса назар аударылады. Студенттің жалпы эмоциялық-ерік мәдениетін қалыптастыру тақырыбы аз зерттелген болып табылады, алайда оның кейбір жекелеген аспектілерін зерттеушілер әр түрлі уақыт кезеңдерінде қарастырған. Осыған байланысты біз оны теориялық негіздеу және жоғары оқу орны қызметінің тәжірибесіне нақты енгізу тұрғысынан қарастырамыз.