Abstract:
Аталмыш мақала агрессивті мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерін
зерттеуге арналған. Агрессивтілік мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау жұмыстары жүргізілді.
Соңғы жылдары балалар агрессивтілігінің мәселесі туралы көп айтылады. Қоғамда агрессивтік
мінез-құлықтың, беталыстардың өсуі байқалуда. Балалардың бойындағы агрессивті әрекеттер ерте
балалық шақтан бастап көріне бастайды. Ауыр материалдық жағдай, жұмыстағы тұрақсыздық,
отбасы мәселелері, сондай-ақ, экраннан агрессивті іс-әрекетті жиілеп насихаттау және т.б.
сияқты көп себептер бойынша ересектердің бойында жоғары агрессивтілікті бақылауға болады,
ол агрессивтік балаларға да әсер етпей қоймайды. Осы мәселеге байланысты балабақшаның орта
және ересек топтартарда агрессивті мінез-құлықты анықтауға зерттеу жұмыстары жүргізіліді.
Зерттеу жұмысы барысында балабақшада ересек және орта топ балаларына «Дүниеде жоқ жануар»
әдістемесі және «Ертегі» тестісі пайдаланылды.