Abstract:
Бұл мақала Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің п.ғ.к., доценті
А.С. Нұрадинов пен Болгария ІІМ Академиясының п.ғ.д., профессоры Б.Г. Ганчевскидің «Діни ұйымдардың
адамдарды өзіне тартудың ұйымдастырушылық-психологиялық факторлары» тақырыбындағы мақаласының
жалғасы болып табылады. Аталмыш мақалада елімізде қазіргі таңда деструктивті діни ұйымдардың таралу
себептерімен қатар, сол діни ағымды ұстанушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне талдау жасалынған.
Психологиялық зерттеу үшін елімізде көп таралған деструктивті діни ағымдардың бірі – дәстүрлі емес ислам
бағытын (салафизм) ұстанушылар іріктелініп алынды. Ұстанушылардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау
бағытында жүргізілген эмперикалық әдістердің нәтижелері көрсетілген.