Abstract:
Бұл зерттеудің мақсаты Четин (Çetin) тарапынан әзіленген түрік тіліндегі
«Мұғалімнің кәсібіне деген қатынасын өлшеу шкаласы» атты шкаланы қазақ тіліне
бейімдеу болып табылады. Шкаланың түпнұсқасынан қазақ тіліне аударылуы Түркияда білім алып жүрген және түрік тілін C1/B2 деңгейінде меңгерген 13 докторант және
ғылыми қызметкерлер тарапынан жүзеге асырылды. Шкаланы қазақ тіліне бейімдеу
барысында, шкаланы түпнұсқадан басқа тілге бейімдеуде жиі қолданылатын дәстүрлі тәсіл қолданылды. Зерттеу жұмысы аясында жалпы саны 280 студенттен алынған
мәліметтер бойынша зерттеуші және растаушы факторлық талдау жасалды. Зерттеуші факторлық талдау нәтижесінде шкаланың екі факторлы құрылым екені анықталды. Шкаланың Кронбах Альфа коэффициенті 0,91’і құрайды. Растайтын факторлық
талдау нәтижесінде модельдің сәйкес келу мәндері RMSEA=.068; χ2/df=2.3; SRMR=.067;
NFI=.94; NNFI=.96; IFI=.97; CFI=.97; RFI=93; GFI=.85; AGFI=.82 ретінде анықталды.
Зерттеу нәтижесінде болашақ мамандардық мұғалімдік кәсіпке деген қатынасын
анықтауға болатын 2 факторлы 25 элементтен тұратын жарамды және сенімді шкала
жасалды. Шкаланың қазақ тіліне бейімделген формасы, Қазақстанда білім алатын болашақ мұғалімдердің өз кәсібіне деген қатынасын анықтау үшін және Түркиямен салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылады деп күтілуде.