Abstract:
Мақала кәсіпорындардың дебиторлық және кредиторлық берешегін
талдау әдістемелік тәсілдерін зерттеуге арналған. Мұндай талдаудың ұйымның қаржылық
жағдайы үшін маңыздылығы қарастырылып, оның негізгі міндеттері тұжырымдалған.
Әртүрлі авторлардың тәсілдеріне салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың
артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған. Ерекше назар құрылымы мен берешек
динамикасын егжей-тегжейлі талдауды қамтитын О.В. Ефимова әдістемесіне аударылған.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тиімді қаржы саясатын
қалыптастыру үшін талдауды тұрақты түрде жүргізу талдауды тұрақты түрде жүргізу қажет
деген қорытынды жасалған.