Abstract:
Зерттеу қаржылық есептілік аудитінде экономикалық-математикалық
модельдерді қолданудың тиімділігін бағалайды. Машиналық оқыту әдістері (логистикалық
регрессия, дискриминанттық талдау, Байес классификациясы) негізінде қаржылық
манипуляцияларды анықтау метрикалары (Precision, Recall, F1-score) есептелді. Нәтижелер
көрсеткендей, дәстүрлі аудит әдістеріне қарағанда бұл модельдер бұрмалаушылықтарды дәл
анықтауға мүмкіндік береді.