Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы энергия тапшылығы мәселесі және осы
мәселені шешудегі «Қазақстандық атом энергетикалық станциясы» (КАЭС) ЖШС-нің рөлі
қарастырылады. Қазақстанның энергетикалық саласындағы ағымдағы жағдай талданып,
КАЭС-тің энергия тапшылығын шешудегі ықтимал үлесі бағаланды. Мақалада атом
энергетикасының дамуымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, ескірген
инфрақұрылымды жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар
берілген. КАЭС-тің іске қосылуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және
экологиялық ахуалды жақсартуға үлкен үлес қосатыны анықталды.