Аннотации:
Бұл мақалада әлеуметтік желілердің қазіргі қоғамдағы студент жастардың
бірегейлігін қалыптастыруға әсері зерттеледі. Әлеуметтік желілердің студент жастардың жеке
тұлғалық және әлеуметтік дамуына ықпалы талданады, оның ішінде жастардың өзіндік
бейнесінің қалыптасуы, әлеуметтік қатынастардың өзгеруі және виртуалды әлем мен нақты
әлем арасындағы шекараның бұзылуы мәселелері қарастырылады. Мақалада әлеуметтік
желілердің студент жастар үшін жаңа әлеуметтік топтар мен мәдениеттерге қосылуға, өз
пікірлерін білдіруге, қарым-қатынастарын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтілген.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің жастардың психологиялық жағдайына, әсіресе
олардың өзіндік бағалауы мен әлеуметтік қатынастарындағы өзгерістерге әсері талқыланады.
Әлеуметтік желілер арқылы жастардың өзіндік бірегейлігін сақтай отырып, жаңашыл
құндылықтарды қабылдауы және әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделуі сипатталады. Мақала
жастардың әлеуметтік желілерде қарым-қатынас орнатуы мен мәдени өзгерістерді қабылдауы
барысында кездесетін қиындықтарды, сондай-ақ психологиялық аспектілерді зерттеу арқылы
студент жастардың бірегейлігін қалыптастырудың көпқырлы процесін ашып көрсетеді. Бұл
зерттеу әлеуметтік желілердің жастардың мәдени және әлеуметтік дамуына ықпалы туралы
жаңа түсінік қалыптастырады және олардың қоғамдағы орны мен рөлін бағалаудың жаңа
тәсілдерін ұсынады.