Аннотации:
Мақалада нарықтық экономика талаптары мен гендерлік теңдік қағидаттарын
орнатумен байланысты өзгерістердің Қазақстандағы отбасы және неке институтының
трансформациясына ықпалы талданады. Автор әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері мен
статистикалық деректер негізінде қазақстандықтардың отбасы-неке қарым-қатынастарындағы
құндылықтық бағдарлары мен басымдықтарын және білімге қолжетімділік пен отбасындағы
міндеттерді бөлудегі гендерлік теңгерімсіздіктің неке қатынастарына ықпалын зерттейді.