Аннотации:
интерактивті форматтардың енгізілуі егжей-тегжейлі талданған. Сонымен қатар,
телебағдарламалардың технологиялық бейімделуі, атап айтқанда, цифрлық таратуға көшу,
әлеуметтік желілермен ықпалдасу және көрерменмен кері байланыс орнату тәжірибелері
ерекше атап өтіледі. Зерттеуде бағдарламалардың тікелей эфирдегі интерактивті
форматқа көшуі, студиялардың техникалық жаңаруы және жанрлық араласулардың
аудитория талғамына әсері қарастырылған. Автор көрермен аудиториясының құрамындағы
жас ерекшеліктерінің өзгеруі мен медиатұтыну дағдыларының цифрлық платформаға
ауысуының әсерін көрсетіп, телеарналардың осы үрдістерге бейімделу әрекеттерін
талдайды. Қорытындыда Қазақстандық телеарналардың жаһандануға жауап ретінде
ұлттық ерекшеліктер мен әлемдік трендтерді сәтті үйлестіре отырып, бәсекеге қабілетті
болуға ұмтылысы көрсетіледі.