Аннотации:
Мақала әйел-журналистердің қоғамдық-саяси қызметінің рөлін
талдайды. Әйелдер журналистика саласында тек ақпарат таратушы ретінде ғана емес,
сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, саяси процестерге белсенді қатысушылар
болып табылады. Саяси оқиғаларды және әлеуметтік мәселелерді жарыққа шығару,
гендерлік теңдік, адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік және демократия мен сөз
бостандығын қорғаудағы маңызды рөлдері қарастырылған. Отандық және шетелдік
тәжірибелерді салыстыру арқылы әйел-журналистердің қоғамдағы әсері мен маңызы
ашылған және қоғамда әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ету жолындағы қызметтері
мен олардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы ықпалы туралы сөз қозғалады. Сондай-ақ
гендерлік мәселе, әйелдердің сөз бостанығы мен құқықтық заңналамалары берілген.