Abstract:
Бұл мақала Қазақстандағы цифрлық медиадағы пиар мен жарнама
индустриясын зерттейді. Цифрлық медианың жылдам дамуы отандық нарықтағы жарнама
мен пиарға жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Мақалада цифрлық платформаларда пиар мен
жарнаманың рөлі, олардың тиімділіктері және қазақстандық медиа нарықтағы орны
талқыланады. Сонымен қатар, отандық жарнама нарығының даму тенденциясы мен
шетелдік тәжірибелердің қазақстандық жағдайға бейімделуі қарастырылады.