Abstract:
Бұл мақала медиадағы манипуляцияның қоғамға әсерін зерттейді. Бүгінгі
күнде ақпарат ағыны өте үлкен болғандықтан, медианың қоғамға ықпалы күрделене түсті.
Мақалада медиадағы манипуляцияның негізгі әдістері мен тәсілдері, оның қоғамдық пікір
қалыптастырудағы рөлі талқыланады. Сонымен қатар, манипуляцияның алдын алу және
қоғамның ақпараттық сауаттылығын арттыру жолдары ұсынылады. медиа
манипуляцияның ықпалын азайту үшін ақпараттық сауаттылықты арттырудың
қажеттілігі анықталады.