Abstract:
Бұл мақалада қазақ тіліндегі тележурналистиканың мәселелері, әсіресе
жаңалықтар контекстінде грамматикалық және стилистикалық қателіктер, орыс тілінен
калька аударудың салдары туралы талқыланады. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие
болуымен байланысты тілдің дұрыс қолданылуы, тіл тазалығы мен сауаттылығы
теледидардағы әр бағдарламаның сапасы мен маңызын арттыра түсті. Алайда, тілдік мәселелер, әсіресе орыс тілінен сөзбе-сөз аудару, калька сөздердің қолданылуы әлі де кең
таралған. Мақалада телеарналардағы жаңалықтардың тіл сапасын жақсарту жолдары,
грамматикалық қателіктер мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктеріне сай дұрыс аударма
жасау қажеттілігі қарастырылады.