Abstract:
Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде энергияға сұраныстың артуы қоршаған
ортаға теріс әсерін тигізуде. Қазба отындарын қолдану парниктік газдар
шығарындыларының ұлғаюына және климаттың өзгеруіне алып келеді. Осыған байланысты
экологиялық таза және тиімді баламаларға сұраныс өсуде. Солардың бірі – синтез-газ, ол
сутегі (H2) мен көміртек тотығынан (CO) тұратын көп мақсатты газ қоспасы. Бұл мақалада
синтез-газды өндіру әдістері, оның жану процесінің ерекшеліктері және өнеркәсіптік
қолданыстағы қиындықтары қарастырылады. Сонымен қатар, NOх шығарындыларын азайту
және жану тиімділігін арттыру мақсатында сияқты заманауи технологиялар талданады.
Синтез-газдың тұрақты энергетикалық шешім ретінде маңыздылығы атап көрсетіліп, оның
болашақ қолдану перспективалары қарастырылады.