Abstract:
Қазіргі таңды STEM – білім беру (Science, Technology, Engineering,
Mathematics) бүкіл әлемде кең таралған бағыт. Дегенмен, ұлттық құндылықтарды ескере
отырып білім беру оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады және олардығ
шығармашылық әлеуетін арттырады. Осыны негізге ала отырып зерттеудің негізгі мақсаты –
сан ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып заманауи жеткіншек ұрпақты
тәрбиелеу. STEM бағытының Қазақстанда дамуы өте маңызды. Себебі тек техникалық білімді
арттыруға ғана емес, сонымен қатар балаларды шығармашылықпен және сын тұрғысынан
ойлауға ынталандырады. Мұғалімдерге зертханалар мен ресурстардың толық қолжетімді
болуы, олардың оқыту әдістерін жаңартуға және оқушыларды заманауи технологиялар мен
ғылым салаларына баулуға мүмкіндік береді.