Аннотации:
Бұл мақалада химия сабағында білім алушылардың контексттік тапсырмлар
арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары қарастырылады. Функционалдық
сауаттылық – оқушылардың теориялық білімін күнделікті өмірде, кәсіби қызметте және
әлеуметтік ортада тиімді қолдану қабілеті. Зерттеу барысында PISA форматындағы
тапсырмалар қолданылып, олардың оқушылардың оқу сауаттылығы мен химиялық
құбылыстарды түсіну дағдыларына әсері зерттелді. Нәтижесінде, контексттік тапсырмалар
қолдану арқылы оқушылардың ақпаратты талдау, интерпретациялау және қорытынды жасау
дағдыларын дамытуға болатыны анықталды.