Abstract:
XX ғасырда капиталистік бағыттың даму процесінде қалыптаса бастаған
«орта тап» талдауының теориялық негіздері және қазіргі заманғы Қазақстанның даму
кезеңдеріндегі орта таптың қалыптасуы туралы бірқатар сұрақтар бүгінгі таңда
маңызды сипатқа ие. Осы зерттеу сұрағына жауап табу үшін бұл мақалада әдебиеттерге теориялық шолу жасалады және «тарихи бағалау» әдісі арқылы керекті мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, әдебиеттерге хронологиялық
талдау жасалып, Қазақстандық орта таптың қалыптасуы мен дамуына әсер ететін
әлеуметтік өзгерістерді анықтайтын факторларды тұжырымдайды.
Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы екі жыл ішінде жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулердің де сараптамалық сипаттамаларына талдау жасалынады. Елімізде мұндай
талдамалық зерттеулер соңғы жылдары сирек жүргізіліп жатқаны анық. Осындай
мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан әрекеттерді жүзеге
асырудың негізгі жолдары да қарастырылады.