Аннотации:
Мақалада орта мектепте физика пәнін оқытуда ғылыми таным әдістерінің
бірі – аналогия әдісін қолдану жолдары көрсетілген. Физиканы оқып үйрену үдерісінде қолданылатын аналогия әдісінің екі түріне сипаттама берілген. Бұлар статикалық және динамикалық аналогиялар. Аталған аналогия әдістері ішінде динамикалық аналогия жан-жақты қарастырылған. Динамикалық аналогия әдісінің механикалық және электрлік тербелістерге арналған есептерді шешудегі эвристикалық функциясы ашылған. Қарастырылған есептер олимпиадалық есептер түріне жатады.