ТАРИХИ КОНТЕКСТ НЕГІЗІНДЕ ҚАРАПАЙЫМ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

Автор
Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Мақалада қарапайым тригонометриялық теңдеулерді тарихи контекст арқылы оқыту
әдістемесінің тиімділігі зерттелген. Зерттеудің тәжірибелік бөліміне Астана қаласындағы
«Тұран» колледжінде, «Сәулет» мамандығы бойынша оқитын АР-1 тобының студенттері
арасында жүргізілген эксперимент енгізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, тарихи тәсіл
студенттердің тригонометриялық теңдеулерді шешу дағдыларын 54%-дан 92%-ға дейін
арттырды. Сонымен қатар, студенттердің 85%-ы тарихи аспектілердің материалды
түсінуге көмектескенін атап өтті. Бұл әдістеме математиканы оқытуда тарихи
контекстті пайдаланудың тиімділігін дәлелдейді.
