MN₂COX (X = AL, SB, SN) ГЕЙСЛЕР ҚОРЫТПАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Бұл жұмыс құрамында үш металл элементтері бар Гейслер қорытпаларының
электрондық құрылымы мен магниттік қасиеттерін зерттеуге арналған. Тығыздық
функционалы теориясы (DFT) әдісі арқылы Mn₂CoX (X = Al, Sb, Sn) құрамындағы үлгілердің
кристаллдық құрылымы, энергетикалық аймақтық құрылымы және электрондық күй
тығыздығы (DOS) талданды. Зерттеу нәтижелері бір спиндік арнада өткізгіштік пен екінші
арнада тыйым салынған аймақтың (band gap) болуы нәтижесінде материалдардың
жартылайметалдық сипаты мен жоғары спиндік поляризациясын көрсетті. Алынған
нәтижелер материалдардың спинтроникалық және магниттік құрылғыларда қолданылу
әлеуетін растайды.
