Қазақ тіліндегі «бай-кедей» тақырыбындағымақал-мәтелдердегі бинарлық оппозиция
Дата
2023ISSN
2616-678Х2663-1288
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Бинарная оппозиция «богатый-бедный» в пословицах и поговорках казахского языка Binary opposition Rich vs. Poor in proverbs and sayings in the Kazakh language
Аннотации
Мақалада қазақ қазақ тіліндегі «бай-кедей» тақырыбындағы мақал-мәтелдердің бинарлы оппозициясы қарастырылған және мақалдағы «бай-кедей» ұғымының мәні мен қарсылық деңгейін анықтауды мақсат етеді. Дәл осы тақырыптағы осыған дейін зерттеулер түсіндіру деңгейінде болса, мұнда мағыналық қарсылық деңгейін бағалауға ұмтылыс жасалады. Мақалада теориялық тұжырымдар мен гипотезалар, паремиялардың уәждемесіне байланысты классификациялар секілді тұрақты ұғымдардан бөлек, кей сөздердің этимологиясынан да хабар беріледі. Қазіргі кезеңде лингвофольклорлық зерттеулерді жүргізу арқылы текстологиялық мәселелерді шешу этнолингвистика үшін өте өзекті. Зерттеу барысында лингвофольклорлық бірлікті салыстырмалы және сипаттамалы-тарихи, анализ және синтез, індете зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылған. Паремия ішіндегі жеке бірліктерді қарсы позицияға қойып зерттеу де қарастырылды. Нәтижесінде «бай-кедей» ұғымдарының шығу тегінен бастап, перифериялық нүктелерін анықтай алдық. Зерттеу мен оның нәтижелері этнолингвистика, лексикология, паремиолгия саласына қызығушыларға маңызды болмақ. Зерттеу нәтижесі мен тұжырымдарын прагма-когнитивтистикалық зерттеулерде, паремиялық сөздіктерде пайдалануға болады.
