Последние добавления

  • Фольклордағы синкреттілік: жанр және термин (А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде) 

    Сағынадин, Г.С. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Алаштың рухани көсемі, ғалым Ахмет Байтұрсынұлын әдебиет және фольклор терминдерінің негізін қалаушы деп білеміз. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» кітабы – қашанда өзінің ғылыми күшін жоймайтын, өзектілік әлеуеті төмендемейтін құнды еңбек. Бұл еңбекті қараған сайын жаңа концепциялық ой түйіндерін жасауға болады және кітаптың әр тарауы, әр бөлімі, тіпті ондағы әрбір терминдік ...
    2023-11-15
  • Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар – мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру құралы 

    Рысбекқызы, Г. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Кез келген тілді үйреніп білу үшін сол халықтың әдеби мұрасын, сөздік қорын, әдебиеті мен мәдениетін және жалпы түсініктерінен хабардар болудың маңызы зор. Өйткені тілдегі сөздер аудармасы арқылы қолдана беруге болатын қатынас құралы ғана емес, әр елдің өзінің ұлттық таным-түсінігімен байланысты ақпараттық ерекшеліктері де бар. Мақалада осы мәселе ескеріле отырып, қазақ ...
    2023-11-15
  • Қазақ тілін үйретуде мобильді қосымшаларды пайдаланудың тиімділігі 

    Ораз, А.Н.; Маликов, Қ.Т. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада қашықтан оқыту практикасының жоғары даму қарқыны туындатқан компьютерлік лингводидактика бағытында қазақ тілін оқытудың жаңа форматтары талданып, теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Сәйкесінше, зерттеудің мақсаты мобильді оқу-ойын қосымшаларын игеруді, лексикалық дағдыларды қалыптастыра отырып тілдік қателерді диагностикалауды, бекіту және бақылау құралы ретінде ...
    2023-11-15
  • The linguopragmatic aspect of the theatrical review in the British press 

    Avazbakiyeva, F.R.; Beisembayeva, Zh.A.; Nygmetova, B.D.; Aldaberdikyzy, A. (L.N.Gumilyov Eurasian National University, 2023)
    The purpose of the study is to investigate the linguopragmatic aspect of the theatrical review in the British press. The term “review” is often used for a comprehensive analysis of several types of writing, including a review of international news, a review of book novelties; reviews of various forms of art (theatrical, cinematic etc.) and science (popular science). Media coverage ...
    2023-11-15
  • Абай шығармаларындағы «жүрек» сөзінің мағыналық ерекшеліктері 

    Сарекенова, Қ.Қ.; Меліс, А.М. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы «жүрек» сөзінің өзге сөздермен тіркеске түскендегі мағыналық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл мақалада «жүрек» сөзіне қатысты жүз шақты тіркес жеті топқа топтастырылып талданды. Сөз тіркестері «жүрек» сөзінің жеті септіктің бірінде тұрып өзге сөздермен тіркескенде беретін мағынасы анықталды. «Жүрек» сөзінің өзге сөздермен тіркеске ...
    2023-11-15
  • Әшекей бұйым атауларының сөзжасамдық сипаты 

    Саликжанова, Ш.Б. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Әшекей бұйымдар – бұл ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан, бізге атадан балаға мұра етіп қалдырылған ұлттық өнер туындысы, дәстүрлі және халықтық өнердің сарқылмас көзі. Халық қолөнері қандай болмасын оның тарихы әлеуметтік құрылымымен, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен өрілген. Зергерлік бұйымдар – бойында көркем образдардың өзіндік ерекшелігін мұқият сақтаған жәдігер және ...
    2023-11-15
  • Тілдік санадағы биологиялық уақыт (тарихи жырлар негізінде) 

    Кулынтаева, Т.Б.; Еспекова, Л.Ә. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада фольклор жанры, оның ішінде тарихи жырлардың тілін антропоөзектік бағытта зерттеу негізге алынды. Тарихи жырлардың тілін когнитивтік аспектіде қарастыру арқылы ұлтымыздың болмысын тануға болады. Себебі тарихи жырлар ұлт тарихынан, сол кезеңдегі маңызды оқиғалардан ақпарат береді. Мақаланың мақсаты – тарихи жыр мәтіндері негізінде «биологиялық уақыт» көрінісін анықтау. ...
    2023-11-15
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдерді кешенді зерттеудің негізгі бағыттары 

    Әбдуәлиұлы, Б.; Алимхан, А.А. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақала Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи топонимияны зерттеу бағыттарына арналған. Топонимия жалқы есімдердің құрамына жататындықтан, тіл білімінің нысаны болып саналғанмен, онымен шектесетін ғылым салаларының да өзіндік орны үлкен. Топонимдерді тіл білімінің нысаны тұрғысынан зерттегенде құрылымдық жүйесі, этимологиялық негіздері, шығу уәждері т.б. лингвистикалық ерекшелігіне ...
    2023-11-15
  • Поэзия морфологиясы (Абай өлеңдері мысалында) 

    Аймұхамбет, Ж.Ә.; Мухажанова, Р.М. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада поэзия мәтінін морфологиялық аспектіде талдау Абай өлеңдері мысалында жүзеге асырылады. Структурализмнің семиотикалық тәсілі таңбаның көркем мәтін құрылымындағы қызметін танытуды мұрат тұтса, көркемдік-эстетикалық міндет арқалаған таңба өз бойына символикалық, детальдық, бейнелеушілік сипатты жинақтайды. Бұл сипаттар бір тұтастыққа айналған мәтіннің бөлшектері ретінде ...
    2023-11-15
  • Заң құжаттарының стилистика саласында зерттелуі 

    Жанжигитов, С.Ж.; Әбдуәлиұлы, Б. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып, қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де маңызы өте зор. Заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік құрылымын ...
    2023-08-18
  • Особенности восприятия в рамках учебного дискурса: потенциал методики дополнения 

    Рубас, А.А.; Агманова, А.Е. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    В контексте новых требований к языковой подготовке в образовательных учреждениях разных уровней в работе предпринята попытка рассмотреть особенности смыслового восприятия текста в условиях учебного дискурса. В условиях модернизации целей и задач современного казахстанского среднего образования актуальность и научно-методическая значимость исследования учебного дискурса ...
    2023-08-18
  • Древнетюркские мифологические тексты в вузовском курсе «Детская литература Казахстана» 

    Нургали, К.Р.; Шашкина, Г.З. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Статья посвящена сопоставительному анализу древнетюркских мифов с аналогичными мифами народов мира. Подробно рассматриваются космогонические, антропологические, эсхатологические, этиологические мифы, а также мифы, имеющие параллели у других народов – миф о культурном герое, о всемирном потопе, о смешении языков. В качестве мифологических текстов используется книга О. Жанайдарова ...
    2023-08-18
  • Сарыарқа қазақтары фольклорлық мұрасының тәрбиелік мәні 

    Маулет, А.; Сабырова, Ә.С. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада Сарыарқа қазақтарының рухани мұрасы оның ішінде ғасырлар бойы атадан-балаға ауызша таралған фольклорлық мұраларының жиналу, сақталу, зерттелу мәселелеріне және осы құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіне рөлі қарастырылады. Сарыарқаны мекен еткен қазақтардың рухани мұрасы туралы әр кезеңдегі жүргізілген ғылыми-зерттеу экспецидяиаларға шолу жасай отырып, қазақ даласын оның ...
    2023-08-18
  • Сравнительный анализ перевода сонета 104 У. Шекспира на казахский язык 

    Хасенова, Г.А. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Перевод сонета с одного языка на другой является одним из самых сложных видов перевода. Переводчик должен использовать всё свое мастерство, чтобы передать не только смысл, фигуры речи, ритм и рифму, но и поэтический дух автора. Особенности английского языка затрудняют перевод сонетов на другие языки. Сонеты Уильяма Шекспира являются трудно переводимыми во всех их аспектах. ...
    2023-08-18
  • Бүгінгі фольклортану және Ахмет Байтұрсынұлының ауыз әдебиетін саралау ұстанымдары 

    Қасқабасов, C.А.; Карипбаев, Ж.Т.; Мырзабек, А.К. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Осы мақалада қазақтың аса көрнекті ғалымы А. Байтұрсынұлының «Әдебиеттанытқыш» еңбегінде ауыз әдебиетін саралауға байланысты қолданған ғылыми ұстанымдары, өзінен кейінгі кеңестік және бүгінгі фольклортану ғылымындағы ұстанымдар тұрғысынан пайымдауға қадам жасалды. Зерттеу барысында А. Байтұрсынұлының ауыз әдебиетіне байланысты пікірлері өз заманындағы теориялық ұстанымдарының ...
    2023-08-18
  • Терминологическая системность как лингводидактический аспект исследования языка для специальных целей 

    Анафинова, М.Л.; Есенгельдинова, А.Т. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Развитие технологий и инноваций в современном мире, а также коммуникативной профессиональной сферы вызвало большое внимание к обучению языку для специальных (профессиональных) целей на предпрофильном и профильном уровнях. Лингводидактический подход к ЯСЦ как к системе понятий конкретной области знания и их классифиция определяются процессами взаимодействия, взаимопроникновения ...
    2023-08-18
  • Қазақ, қытай тілдеріндегі эмотивті фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан талдау 

    Алшынбекова, М.С.; Жуманбекова, Н.З. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Әр халықтың тілінде ұлттық колоритті білдіретін сөз тіркестері болады. Фразеологизмдерде ұлттық мәдениеттің, тарихтың ақпараты сақталады. Қазақ, қытай фразеологизмдері өзіндік мәдени айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде қазақ, қытай тілдерінің фразеологизмдерін түсінуде кедергі тудырады. Бұл мақалада қазақ және қытай халықтарының тілі мен мәдениеті ескеріле ...
    2023-08-18
  • Постмодернистік әдебиеттегі симулякр: генезисі мен зерттелуі 

    Айтуганова, С.Ш.; Сарсембаева, С.А. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада постмодернистік әдебиеттегі симулякр категориясының шығу тегі, қалыптасуы және зерттелуі қарастырылады. «Симулякр» ұғымының дамуы антикалық кезеңде бастау алып, постмодернизм дәуірінде философ Ж.Батайдың негіздеуімен ғылыми айналымға енген. Терминге қатысты алғашқы ой-тұжырымдар грек ойшылдары Платонның, Эпикурдың трактаттары негізінде талданады. Антикалық кезең ...
    2023-08-18
  • Exploring Multilingualism in Professional Context: Scientometric Analysis 

    Aimoldina, А.А.; Zharkynbekova, Sh.К. (L.N.Gumilyov Eurasian National University, 2023)
    Professional multilingualism has been the subject of multiple interdisciplinary research including sociolinguistics and business communication as well as studies about the neuropsychological aspects of the multilingual brain and multilinguals’ language practices in the workplace settings. In recent years, there has been a noteworthy growth in the scholarly interests and ...
    2023-08-18
  • «Қырық мысал» жинағының жазылуы мен басылуы 

    Жүсіп, C.А.; Имаханбет, Р.С.; Оспанова, Г.Т. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
    Мақалада қоғам және мемлекет қайраткер, реформатор тұлға, ағартушы ғалым, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлын шығармашылығының беймәлім қырлары қарастырылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы талантын жаңа бір қырынан танытатын «Қырық мысал» жинағының жазылуы мен басылуы архив деректері негізінде талданады. Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен А.Байтұрсынұлы азаттық идеясын патша ...
    2023-08-18

Просмотреть больше