Көркем мәтін құрылымындағы детальдің қызметі
Дата
2024-06-29ISSN
2616-678Х2663-1288
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Функция детали в структуре художественного текста The Function of a Detail in the Literary Text Structure
Аннотации
Мақалада поэзия мәтіндеріндегі көркем детальдің орны анықталып, ақындардың философиялық танымы мен психологиялық көңіл-күйін, эстетикалық ойын жеткізудегі рөлі айқындалады. Көркем бейнелеудегі ұғымдардың мәні ашылып, ақынның көркемдік жадында таңбаланған бейнелер талданады. Мәтін құрылымынадағы көркем детальдің қызметін танытуда Н. Айтұлы, Е. Раушанов, Т. Әбікәкімұлы, М. Райымбекұлы өлеңдеріне талдау жасалады.
Қазіргі поэзияда ой, идея, ақынның көзқарасы мен танымы, экспрессивті эмоциялары түрлі детальдар арқылы көрініс тапқан. Сол элементтер мен детальдар көркем деңгейде түзіле келе мәтіннің жүйесін қалыптастырады. Осыдан жаңа бейнелеу, жаңа стиль, ерекше құрылым пайда болады. Поэзиядағы негізгі ой мен автор ұстанымы идеяны оқырманға жеткізу үшін қандай да бір тәсілдерді қолданады. Поэзияда тілдік бірліктер көркемдік жүйені қалыптастырса, сол жүйенің тетігінде тұрған деталь өзінің мағыналық-символикалық мәнімен жаңа бейнелеулерге негіз болды. Заманауи қазақ поэзиясының көркемдік-бейнелілік жүйесінде детальдар түзілімі ерекше орынға ие жаңашыл ізденістерге толы. Мақалада мәтіндегі көркем детальдің қызметі поэзия туындылары мысалында қарастырылып, жан-жақты талдау нысанына алынады.
Көркем туындының мәтіндік құрылымы макро және микродетальдардан тұратыны белгілі. Олардың біреуі анық, ашық, қалыпта көрінсе, енді біреулері жасырын, астарлы, тұспалды түрде қолданылады. Ақындар қолданысында түрлі қалыппен бейнелеуге қызмет ететін детальдар мәтіннің өзегі екені талдаулар нәтижесінде тұжырымдалады.
