Мәтіндегі мифтік мотивтердің қызметі (М. Мағауиннің «Қыпшақ аруы» хикаяты негізінде)
Дата
2024-06-29ISSN
2616-678Х2663-1288
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Функция мифических мотивов в тексте (на материале рассказа М. Магауина «Кыпшакская красавица») Function of Mythical Motifs in the Text (Based on M. Magauin’s Story “Kipchak Beauty”)
Аннотации
Көркем шығарма – әдебиеттанушылық тұрғыда ерекше әдіснамалық зерттеуді қажет ететін нысан. Әдеби туындыда танымдық, идеялық, эмоционалдық сипат тоғыса көрініс табатындықтан, оған кешенді филологиялық талдау қажет. Көркем мәтіннің ішкі мазмұнында шынайы болмыс пен шығармашылық қиял үндесіп, субъективтілік пен объективтіліктің бұлжымас бірлігі орын алады. Осыдан келіп автордың дүниетанымы, дербес ұстанымы, бағалауыштық тұрғыдағы ойы орнығады. Мотив – көркем шығармадағы маңызды категория. Мотив арқылы көркем туындыдағы жетекші идея, қаламгердің болмысы танылады. Мақалада мотивтің теориялық сипаты туралы тұжырымдардың ең негізгілері қарастырылып, оның туынды кеңістігіндегі функциясы зерттеледі. Филолог ғалымдардың мотивке берген анықтамалары сараланып, мотивтің түрлері, орнығуы, өзге әдебиеттану категорияларымен кіріге қолданылуы қарастырылады. Соның ішінде мәтін құрылымындағы мифтік мотивтің ерекшелігі нақты зерттеу өзегіне алынады. Көркем шығармадағы мифтік мотивтің идеялық, көркемдік-эстетикалық қызметін айқындауда М. Мағауиннің «Қыпшақ аруы» хикаяты талданады. «Қыпшақ аруы» хикаятындағы микросюжеттің, яғни мотивтердің бастауында тұрған қыпшақ балбал мүсіндеріне қатысты мотив-бейне туралы айтылып, автор мен кейіпкер байланысы «альтер эго» – «басқамен» ұғымы аясында көрсетіледі. Мәтіндегі мотив-бейненің лейтмотивке айналу эволюциясына назар аударылып, тұжырым жасалады.
