Қаламгер К. Тоқаев шығармашылығы соғыс сипаты мен шындық шырағы
Автор
Дата
2024-12-28ISSN
2616-678Х2663-1288
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Творчество писателя К. Токаева: характер войны и свет истины The work of the writer K. Tokayev: the nature of war and the light of truth
Аннотации
Мақалада майдангер-қаламгер Кемел Тоқаев шығармашылығы мен оның басты туындыларының бірі – «Солдат соғысқа кетті» романы хақында кең көлемде сөз етіледі. Романның бастапқы бөлігінде Әскери училище курсанттарының лейтенант атағын алу үшін емтихан тапсыруға дайындығы, тактикалық жаттығу сабақтары, күнделікті әдет-дағдылары, тіпті бейуақыттағы соғысқа қатысты қатаң бұйрық мәні де нанымды жеткізіледі. Бұдан басқа, романның алғашқы бөлімінен бастап соңғы бөліктерге дейін жүйелі орын алған – «Солдат күнделігінен» атты жазбалар жиынтығынан майдан даласының тынысы, соғыс шындығы, жауынгерлердің ерекше тапсырманы орындау сәттеріндегі көңіл-күйлері, өзара қарым-қатнастары, ел-жер, отан мен отбасы төңірегіндегі таным-түсініктері, сағыныш-сүйіспеншіліктері, сыйластық сырлары кең көлемде көрініс береді. Солдат өмірі, соғыс шындығы, бейбіт өмір мәні кең орын алады. Аталған романның ішкі бөліктерінен орын алған шағын жазбалар жиынтығынан – «Жауға атылған алғашқы оқ», «Ұзақ жолда», «Айқас алдында», «Олар жетеу еді», «Жау тылында», «Ерекше тапсырма», «Солдат өмірі осындай», «Ашылмай қалған сыр» атты тақырыптарға кезігіп, ондағы өмір өрімін, оқиға өрісін, соғыс шындығын, солдат сырын әр қырынан көріп-оқып, қанығуға әбден болады. Майдан өмірі, айқас мәні, солдат сыры да әр қырынан ашылып, кең түрде көрінеді. Негізінен, майдангер-қаламгер Кемел Тоқаев шығармашылығы мен «Солдат соғысқа кетті» романының табиғаты мен тағылымынан, құрылым жүйесі мен мәтін құбылыстарынан, соғыс шындығы мен солдат сырынан, диалог қызметі мен тіл мүмкіндіктерінен жазушы еңбегі мен қолтаңба мәнері, көзқарас жүйесі кеңінен көрініс береді.
