Показать сокращенную информацию

dc.contributor.authorШәріп, А.Ж.
dc.date.accessioned2026-11-10T12:44:44Z
dc.date.available2026-11-10T12:44:44Z
dc.date.issued2026-06-30
dc.identifier.issn2616-678Х
dc.identifier.issn2663-1288
dc.identifier.otherDOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2026-155-2-281-297
dc.identifier.urihttp://repository.enu.kz/handle/enu/33292
dc.description.abstractМақала түркі поэтикасында маңызды орын алатын және әртүрлі фонетикалық нұсқаларда (өлең, o’lan, өлөң, үләң, өләң, öleñ, üleñ) кездесетін “öleñ” сөзінің шығу төркінін, ортақ бастаулары мен жанрлық трансформациясын зерделеуге арналған. Аталған терминге қатысты локалды (жергілікті) түсініктердің аясынан шығып, оның жалпытүркілік фольклордағы функционалдық қызметі мен бірыңғай терминологиялық аппаратын жүйелеу зерттеудің мақсаты етіп қойылған. Эмпирикалық материал ретінде қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен, татар, башқұрт, саха халықтарының фольклорлық мұралары жан-жақты қарастырылды. Мақалада пәнаралық байланыс негізінде салыстырмалы-тарихи, генетикалық, этимологиялық, құрылымдық-семантикалық және контекстуалдық талдау әдістері қолданылған. “Öleñ” сөзінің көнетүркілік ulа- («ұластыру»; «жалғастыру») немесе ül-/öl- («үлестіру», «өлшеу») түбірлерінен тарау ықтималдығы жөніндегі көзқарастар байыпталады. Бұл ұғымның бастапқыда хаос пен үйлесімсіздікті белгілі бір ырғақтық тәртіпке түсіру мағынасын бергені болжанады. Саханың олоҥхосы мен башқұрттың өләңін салыстыра қарағанда, бұл терминнің әуелде батырлық эпоспен байланысты болып, кейіннен қоғамдық-әлеуметтік және мәдени өзгерістер әсерімен лирикалық сипатқа көшкені және ғұрыптық фольклор жанрына айналғаны туралы гипотеза сараланады. Түркі халықтарының үйлену салтындағы “öleñ” айту дәстүріне тән ортақ белгілер айқындалады. Фольклорлық “öleñ”-нің синкретті табиғаты (сөз, музыка, перформанс бірлігі) және оның диалог (айтыс) формасында орындалу ерекшеліктері талданады. Зерттеу нәтижесінде “öleñ” ұланғайыр кеңістікті (Орталық Азия, Еділ-Жайық, Шығыс Сібір) мекендейтін түркі жұртының ортақ мәдени коды ретінде сипатталады. Бұл жұмыс түркі халықтарының поэтикалық мұрасын реконструкциялауға және ортақ фольклорлық үлгілерді жаңғыртуға септігін тигізеді.ru_RU
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіru_RU
dc.relation.ispartofseries№2 (155);
dc.subjectтүркі фольклорыru_RU
dc.subjectэтнопоэтикаru_RU
dc.subjectөлеңru_RU
dc.subjectэтимологиялық реконструкцияru_RU
dc.subjectжанрлық трансформацияru_RU
dc.subjectсинкреттілікru_RU
dc.subjectүйлену салтыru_RU
dc.titleТүркі фольклорындағы «öleñ» термині: генезисі және жанрлық ерекшелігіru_RU
dc.title.alternativeТермин «öleñ» в тюркском фольклоре: генезис и жанровая спецификаru_RU
dc.title.alternativeThe term «öleñ» in Turkic folklore: genesis and genre specificityru_RU
dc.typeArticleru_RU


Файлы в этом документе

Thumbnail

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию