Abstract:
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде стратегиялық мүмкіндіктерді, күрделі мәселелер мен дағдарыстарды анықтау үшін нұсқау беретін және дәлелдеуді қамтамасыз ететін білімге негізделген шешімдерді қолдау жүйесі қолданылды. Көрсетілген жұмыста білім беру жүйесіндегі шешімдерді қолдау жүйесін модельдеу бизнес-процестердің диаграммалары арқылы жүзеге асқан. Білім базасына сүйене отыра, IDEFO стандарты негізінде білім беру жүйесінен ақпараттарды жинақтау және өңдеудің бірыңғай жүйесі туралы шолу жасалынған. Зерттеу нәтижелері білімге негізделген шешімдерді қабылдау жүйесін қолдану-шешім қабылдаушының әртүрлі ортадағы мәселелерін анықтау және бағалау қабілетін жақсартуға, сонымен қатар, кез-келген пайдаланушылардың шешімдерін басқа тәжірибелі шешім қабылдаушылардың деңгейіне сәйкес келетін деңгейге дейін жақсартуға бағытталады.