Стрептозотоциндік диабеттің ағымына иондаушы сәуленің әсерін егеуқұйрықтардың иммунологиялық және биохимиялық жағдайын талдау арқылы зерттеу
Дата
2025ISSN
2616-70342663-130Х
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
Изучение влияния ионизирующего излучения на течение стрептозотоцинового диабета путем анализа иммунологического и биохимического состояния крыс Investigation of the effect of ionizing radiation on the course of streptozotocin-induced diabetes through the analysis of immunological and biochemical status in rats
Аннотации
Бұл зерттеуде стрептозотоцинмен индуцирленген 2 типті қант диабеті мен иондаушы γ-сәулеленудің егеуқұйрықтар организміне жеке және қосарлы әсерлері зерттелді. Метаболикалық, иммунологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің динамикасы бағаланды. Зерттеу нәтижесінде әрбір фактор – стрептозотоцин де, γ-сәулелену де – гипергликемия, инсулин секрециясының төмендеуі және антиоксиданттық қорғаныс жүйесінің әлсіреуін туындататыны анықталды. Бұл факторлардың бірлескен әсері кезінде аталған патологиялық өзгерістер күшейе түсті: қандағы глюкоза мен липидтердің асқын тотығу өнімдері деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы, инсулиннің төмендеуі тіркелді. Иммундық жүйе тарапынан да елеулі бұзылыстар анықталды: лейкоциттер санының, Т-лимфоциттер мен Т-хелперлердің, иммунорегуляторлық индекс көрсеткішінің төмендеуі, фагоцитоздың әлсіреуі және айналымдағы иммундық кешендер деңгейінің азаюы байқалды. Ең айқын өзгерістер стрептозотоцин мен γ-сәулеленудің қосарлы әсері жағдайында тіркеліп, олардың зақымдаушы әсерінің синергиялық сипатын көрсетті. Алынған нәтижелер бұл эксперименттік модельдің метаболикалық және радиациялық факторлармен байланысты иммун тапшылығының патогенезін зерттеу үшін, сондай-ақ иммуномодуляторлық және радиопротекторлық әсері бар препараттардың тиімділігін бағалау үшін жоғары ғылыми маңыздылығын көрсетеді.
