Abstract:
Мақалада жылқыға байланысты аңыз-әпсаналардың, наным-сенімдердің шығу тегі мен мәні қарастырылады. Қазақстан территориясы мен көршілес елдердің аумағынан табылған жылқымен жерлеу ғұрыптары тарихи тұрғыдан жүйеленіп, қазақ ұғымында тарихи сабақтастыққа ұласу мәселесіне талдау жүргізіледі. Жылқының нақты қай аймақта қолға үйретілгені ғалымдар арасында пікірталас тудырып келгенімен, соңғы жылдары Ботай қонысынан үлкен мөлшерде табылған жылқы сүйектері, аталған жануардың қазақ жерінде қолға үйретілуі мүмкін деген тұжырымды негіздей бастады. Автор қазақ дүниетанымындағы жылқының орнын басқа да, түркі халықтарында кездесетін түрлі нанымсенім, салт-жоралғылар сипатында сараптап, жануардың халық арасында киелі тұтынуына ғылыми баға береді. Сонымен қатар, жылқы шаруашылығының тарихы адамзаттың рухани мәдениетімен тығыз байланыстылығына өзара салыстырмалы талдау жасалады.