Abstract:
Мақалада жоғарғы оқу орындарында физикада дифференциалдық теңдеулерді
қолданатын есептерді шешудеMAPLE бағдарламасын қолданып,компьютерлік модельдеу қарастырылған. Сонымен қатар, MAPLE бағдарламасына қысқаша түсініктеме
берілген және молекулалық физика бөлімінен есептердің моделдеу жолдары көрсетілген.
MAPLE – аналитикалық есептеулер жүйесі, яғни онда алгебралық өрнектерді түрлендіру, дифференциалдық теңдеулерді есептеу, анықталмаған және анықталған интегралдарды есептеу, күрделі графиктер сызу және т.б. көптеген амалдарды орындауға
болады. Сонымен қатар мақалада физика есептерін шешу барысында MAPLE бағдарламасының дифференциалдау командасын қолдануға болатыны қарастырылған.