Abstract:
ХХ ғасырдың 30 жылдарының екінші жартысында Египет әдебиетінде жаңа патриоттық бағыттың пайда болғандығы байқалады. Египеттік әдебиеттің осы кезеңінде қалыптасқан жаңа үдерістер мен жанр эволюциясының ерекшеліктерін қарастыра отырып, тарихи романдардың идеялық-көркемдік маңызына тоқталамыз. Мақалада ХХ ғасырдағы араб әдебиетіндегі жаңа пайда болған роман жанры мен
оның белді өкілдерінің бірі Мұхаммед әл-Арианның шығармашылығы жайында сөз болады. Әл-Ариан
шығармашылығындағы аталған жанр арқылы тарихи шындыққа тереңірек үңіліп, сол кезеңде болған оқиғаларды ашық көрсеткен тұстары жан-жақты қарастырылады және сол кезеңнің бояуын шынайы, көркем түрде
бейнелегені мысалдармен көрсетіледі. Араб әдебиетінде ерекше орын алатын тарихи романдардың халық
романдарымен байланысы да сөз болады.
Осылайша, ағартушылық проза туындылары арасында египеттік романдар осы күнге дейін өзінің
танымдық маңызын жоғалтпады. Сонымен қатар, халықты ағарту ісімен және олардың сана-сезімін дамытуда
үлкен рөл атқарғаны анықталды.