Abstract:
Қазақстандық жоғары білімнің жай-күйі, сондай-ақ ғаламдану жағдайындағы академиялық
ұтқырлық бағдарламасының халықаралық тәжірибесін зерделеу бүгінгі таңда ерекше назар аудартуда. Бұл
ғылыми мақалада «Қазақстан-2050: құрылған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында айқындалған
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру логикасына сай талдау жасалады. Еуропалық
тәжірибені негіздей отырып, бүгінгі таңдағы академиялық ұтқырлық бағдарламасындағы кездесетін
кейбір қиыншылықтар мен жетілдіруді күтіп тұрған мәселелер талдауға алынады. Салыстырмалы зерттеу
барысында ECTS кредиттерін орындаудағы отандық және шетелдік университеттердің академиялық кезеңдеріндегі сәйкессіздіктер, ұтқырлық жағдайында қаржыландыруды дұрыс ұйымдастыру, студенттердің адаптациялық кезеңнен өтуге арнайы топтың не ұйымның жұмыс жасауы, жан-жақты қолдау мәселелері көтерілді. Академиялық ұтқырлық дамудың еуропалық білім беру кеңістігіне енудің жаңа құралы ретінде бірнеше контекстер тұрғысынан қаралады.