Abstract:
Тіл білімінде лексикология зерттеулері маңызды. Әсіресе, тұрмыстық атауларды зерттеу,
халықтың тұрмысын, болмыс-дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, рухани мәдениетін жан-жақты тануға
мүмкіндік береді. XI ғасырда сол кездегі түркі тілдері және түркі тайпалары диалектілері материалдары
негізінде жинастырылып жазылған Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» атты жазба жазба
ескерткішінде тұрмыстық атаулар жан-жақты көрініс тапқан. Сол дәуірдің өзінде тұрмыстық атаулардың
түркі халықтарының ішінде қай тайпаларда қолданылатыны да айтылған.
Бұл мақалада «Диуани лұғат-ит-түрік» жазба ескерткішіндегі күнделікті өмірде, үй тіршілігінде
қолданылатын құрал-жабдық атаулары теріліп берілді. Жиналған материалдар қазіргі қазақ тіліндегі құралжабдық атауларымен салыстырылып көрсетілді. Жазба ескерткіштегі зат атауларының көбі қазіргі қазақ
тіліндегі сол қалпында сақталғаны немесе фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрінде кездесетіні байқалды.
Жиналған материалдардың көбі қазақ тілінде актив қолданыстан шыққан көнерген сөздер екендігі көрсетілді.
Кейбір сөздердің говорларда сақталғаны баяндалды.