Аннотации:
Бұл мақалада түркі халықтары дүниетанымының, мәдениетінің дамуына үлес қосқан аса
танымал тұлғалардың бірі – Қорқыт ата жайындағы аңыздың тарихи шындығы мен дәуірі баяндалады.
Қазақ халқының арасында кең тараған және тамыры тереңде жатқан дәстүр – ол, ауыз әдебиеті дәстүрі
мен ауызша тарихы. Қазақ даласында Қорқыттың болмысы, іс-әрекеті, қоғамдағы рөлі аңыз арқылы
өзінің болмысын жоғалтпай мықты сақталып, атадан балаға жетіп отырған. Сондықтанда, біздің зерттеу
жұмысымызда, ең алдымен, Қорқыттың мазары жатқан кешегі Тұран, соның ішінде Сыр елінің тарихы мен
мәдениетіне, сол дәуірдегі рулық-тайпалық қауымдастықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне ерекше мән
беріледі.
Қорқыт туралы жазылып, жарияланып жатқан зерттеулердің басым көпшілігінің ғылыми жаңалығынан
гөрі компиляциялық сипаты үстем: бұрыннан мәлім жайттарды қайталаумен шектеліп, Қорқыт туралы әмбеге
аян аңыздардың мазмұнын баяндаудан әріге бармай, фольклорлық жиынтық ретінде қарастырылып келді.
Осыған орай, зерттеу жұмысын жүргізу барысында Қорқыт туралы тарихи деректерді талдай отырып, тарихифилософиялық, әдеби-фольклорлық, археологиялық әдістерді қолданып, көне және орта түркі кезеңіндегі
тайпалардың этногеографиялық қозғалыстарын анықтап, этносаяси, тарихи оқиғалардың астарына үңіліп,
Қорқыттың дәуірін анықтауға тырстық.