Abstract:
Технология қарыштап дамыған сайын саяси-әлеуметтік процестерде
қолданылатын коммуникативті технологиялардың да түрлері өзгеріп, жаңаша
әрекет ететін заманауи формалар қалыптасып келеді. Сондай технологияның
бірі – компьютерлік пропаганда.
Мақалада Брадшау С, Хоуард П. бастаған Оксфорд университетінің профессорлары
жүргізген зерттеуге талдау жүргізіледі. Сонымен бірге қазіргі компьютерлі
пропаганда мен дәстүрлі пропаганданың қызметіндегі ерекшеліктерді ажыратуға
талпыныс жасалады. Компьютерлік пропаганданы жүзеге асыратын саяси
боттардың әлеуметтік желідегі жұмыстары зерттеледі. Компьютерлік
пропаганданың саяси оқиғалар кезінде әрекет ету қарқыныны талданады. Twitter,
Facebook сияқты әлеуметтік желілердегі пропаганда алгоритмдерінің автоматты
түрде іске асырылу мәселелері түсіндіріледі.