Abstract:
Мақалада ұсақ түйіршікті бетонның беріктік сипаттамаларына әсер
ететін әртүрлі талшықтарды зерттеу нәтижелері келтірілген. Фибробетон
үшін қолданылатын талшық түрлерінің негізгі сипаттамалары көрсетілген.
Бетондарды дисперсті арматуралауға арналған полипропилен және базальт
талшығының зертханалық зерттеу нәтижелері келтірілген. Беріктіктің
өзгеруін бағалау үшін үлгілер әзірленіп, қалыпты ылғалдылықта қатайған 3, 14
және 28 тәулік мерзімінде сығылу беріктігіне сыналды. Талшықсыз (бақылау
үлгісі) және цемент массасынан 0,1, 0,5, 1,5, 2,5 % полипропилен талшығын
және цемент массасынан 0,05, 0,1, 0,2, 0,5 % базальт талшығын енгізу арқылы
сығылу кезіндегі беріктік шегін анықтау нәтижелері келтірілген. Полипропилен
талшығын қоспаға енгізудің ең тиімді шектерін цемент массасынан 0,5 % деп
санауға болатындығы көрсетілді, бұл бақылау үлгісімен салыстырғанда 9,09 %-ға
дейін сығылу беріктігінің артуына әкеледі. Цемент массасының 0,1 % мөлшерінде
ұсақ түйіршікті базальт талшықты бетон қоспасына енгізу сығылу беріктігін
11,4 % арттыруға мүмкіндік береді.