Abstract:
XX-XXI ғасырлардағы өндірістік-өнеркәсіптік саланың қарқынды
дамуына сәйкес, мұнай мен газ өнімдерін қолданудың күрт өскендігі белгілі. Аталған
фактор өз кезегінде, қоршаған ортаның ластануы, әлемдік температураның өзгеруі,
мұнай ресурстарының тапшылығы сынды мәселелердің пайда болуына әкеліп
соқты. Аталған себептерге байланысты автомобиль компаниялары гибридті
технологияларды күнделікті өмірге енгізу мақсатында зерттеулер жүргізе
бастады. Мақала гибридтік технологиялардың пайда болу тарихын, және олардың
қазіргі кезеңдегі қолданылатын технологияларына шолу жасаумен қатар, жұмыс
істеу принциптері мен негіздерін қарастырады. Мақала Toyota Prius, Astrolab
сынды қолданыстағы коммерциялық автокөліктердің жасалу технологиялары,
сондай-ақ гибридті автокөліктерде қолданылатын отын мен шикізатқа
қатысты зерттеулерге негізделген. Мақалада қарастырылған технологиялардың
артықшылықтары мен кемшіліктері, гибридті көліктердің болашақта бензинді
және дизельді автокөліктердің баламасы болатындығы туралы қорытындылар
келтірілген.