Abstract:
Су ресурстарының жағдайы әрбір елдің экономикалық дамуына әсер ететін өмірлік маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Орталық Азиядағы су ресурстары аймақ мемлекеттерінің экономикалық
қызметіне үнемі елеулі әсерін тигізіп келеді, өйткені мұнда барлық ірі өзендер трансшекаралық болып
табылады және осы аймақтағы елдер арасында сумен жабдықтау және су ресурстарын бірлесе қолдануға
қатысты үйлеспеушіліктер бар. Сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын халықаралық-құқықтық
реттеу саласындағы халықаралық құқық нормаларын қолдану туралы келіспеушіліктер де бар.
Бұл мақалада мемлекеттердің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану бойынша ынтымақтастығы
саласындағы халықаралық-құқық нормаларын зерттеу және оларды қолдану тәжірибесі негізінде Орталық
Азия аймағындағы трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мен басқару бойынша халықаралық-құқықтық
реттеуді дамытудың мәселелері мен даму болашағы анықталған.